Sdscompany.ru

Компьютерный журнал
0 просмотров
Рейтинг статьи
1 звезда2 звезды3 звезды4 звезды5 звезд
Загрузка...

Powerpoint туралы слайд

PowerPoint туралы негізгі түсінік

V Международный дистанционный конкурс «Старт»

Низкий оргвзнос 30р

Идёт приём заявок

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

Наградные и подарки

24 Сабақ жоспары

Сабақтың өткізілетін күні

Сабақтың тақырыбы: PowerPoint туралы негізгі түсінік.

Білімділік: PowerPoint туралы негізгі түсінік тақырыбы бойынша студенттерді білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту

Тәрбиелік: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру

Дамытушылық: студенттердың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі (аралас, жаңа білімді игеру, ізденіс сабағы) (керектісінің астын сызу)

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту (теориялық, тәжірибелік, лабораториялық) (керектісінің астын сызу)

Сабақты өту әдісі: ақпараттық дамытушылық тәсіл

Пән аралық байланыс: бағдарламалау тілдері, математика, ағылшын тілі

Көрнекі құралдар: компьютер

Әдебиеттер: В. Б. Симонович «Информатика базовый курс»

« Office 97 книга ответов» Питер. 2001 ж. « Microsoft Word текстовый редактор» Питер. 2001 ж. OC Windows 98, 2000, XP Питер. 2001 ж. В.А. Каймин «Основы компьютерной технологии» Шафрин. «Основы компьютерной технологии» «Всемирная паутина WWW » Питер. 2001 ж. В.А. Каймин т. б. «Основы информатики и вычислительной техники»

10-11 клас оқушыларға оқу қолданба. Москва. «Просвешение» 1989 ж.

В. П. Леонтьев «Персональный компьютер» « Microsoft Access » Питер. 2000 ж.

Сабақтың барысы мен мазмұны

а) ұйымдастыру кезеңі

б) үй тапсырмасын сұрау

е) үйге тапсырма

Қоңырау соғылып сабақ басталған соң баларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.

Үй тапсырмасын тексеру:

3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, баяндап жаздыру

PowerPoint туралы негізгі түсінік

Microsoft PowerPoint-та таныстырылымдарды әзірлеу процесі слайдтардың ентаңбаларын таңдау, қажеттілік туындаған кезде слайдтардың безендірілуін өзгерту, схемалардың түсін өзгерту, безендірудің әр түрлі үлгілерін қолдану сияқты әрекеттерден және слайдтарды демонстрациялау кезінде анимация сияқты әсерлерден тұрады. Төменде келтірілген мағлұматтар осы процестің бастапқы кезінде қол жететін құралдарға жатады.

Microsoft PowerPoint-та Таныстырылымды әзірлеу тапсырмаларының аймағы жаңа таныстырылымды әзірлеу үшін келесі бірқатар нұсқаларды ұсынады.

Әзірлеу. Слайдтарды безендіру минимум элементтерге ие болады да оған түрлі түс қолданылмайды.

Бар таныстырылымдардан. Таныстырылым безендірілуі бар әлдеқашан әзірленген таныстырылымның негізінде әзірленеді. Алғашқы таныстырылымның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа таныстырылымды әзірлеуге мүмкіндік беретін бар таныстырылымның көшірмесі әзірленеді.

Безендірудің үлгілерінен. Таныстырылым безендірудің негізгі элементтерін, қаріптері мен түс схемаларын қамтитын Microsoft PowerPoint-тың бар үлгісінің негізінде әзірленеді. Стандарттық үлгілерден басқа өзбеттерімен өзірлеген үлгілерді де пайдалануға болады.

Автомазмұн шеберінен. Слайдтар үшін ұсынылған мәтіндерді қамтитын безендіру үлгісін қолдану үшін автомазмұн шебері пайдаланылады. Содан кейін ұсынылған мәтінге қажетті өзгерістер енгізіледі.

Веб-тораптағы үлгілер. Таныстырылым веб-торапта түрған үлгінің көмегімен әзірленеді.

Microsoft.com-дағы үлгілер. Таныстырылымды Microsoft Office үлгілер кітапханасындағы Microsoft PowerPoint-тың қосымша үлгілерінің негізінде әзірлеу. Бұл үлгілер таныстырылымның типі бойынша ретке келтірілген.

PowerPoint терезесінің элементтері (10.1 сурет):

Тақырып жолында – құжаттың атауы мен терезені басқару батырмалары бар;

Стандарттық тақтада – Excel қомандаларының көпшілігінің батырмалары бар;

Құрылым – танысытырылым слайдтары бойынша тез орын ауыстыруға арналған;

Формат тау тақтасы – форматтау командалаына арналған батырмалар бар ;

Тапсырмалар аймағында – ағымдағы тапсырмалардың тізімі бар;

Қалып-күй жолында – құжаттың ақпараттары бар ;

Сурет салу тақтасында — графикалық объектілермен жұмыс істеуге арналған қомандалар бар .

10.1 сурет . PowerPoint терезесінің элементтері .

Құрастырушы мен үлгілерді пайдалану

Безендіру үлгісін пайдаланып таныстырылымды әзірлеу :

1. Егерде тапсырмалар аймағында Таныстырылымды әзірлеу ( Создать презентацию ) таңбашасы бейнеленбесе, онда Файл менюінен Әзірлеу командасын таңдаңдар.

2. Әзірлеу (Создать) тізімінде Безендіру үлгісінен (Из шаблона оформления) пункітін таңдаңдар.

10.2 сурет. Таныстырылымды әзірлеу тапсырмалар аймағы

3. Слайдтар құрастырушысы тапсырмалар аймағында қолтану талап етілетін безендіру үлгісін таңдаңдар.

4. Егерде бірінші слайд үшін стандарттық макетті сақтау талап етілсе, онда 5-қадамға өтіңдер. Егерде бірінші слайдтың макеті басқа болуы тиіс болса, онда Формат менюінде Слайдты ентаңбалау командасын таңдаңдар, ал содан кейін керекті макетті таңдаңдар (10.3 сурет).

5. Слайдта немесе Құрылым (Структура) аймағында бірінші слайд үшін мәтінді енгізіңдер.

6. Стандарттық аспаптар тақтасына жаңа слайдты кірістіру үшін Слайдты әзірлеу ( Создать слайд ) батырмасын басыңдар да слайд үшін макетті таңдаңдар.

4. Жаңа материалды бекіту

Ол үшін студенттерге жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

5. Сабақты қорыту

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Powerpoint туралы слайд

Информатика пәні оқытушыларына арналады

Төмендегі ақпарат осы құжаттың шамамен алынған тексттік нұсқасы болып табылады және бұл ақпарат тек танысу үшін арналған. Осы материалды жүктеу үшін төмендегі материалды жүктеу деген кнопканы басу керек, материалды жүктеу тегін

Директордың ОІЖ орынбасары:

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Тақырыбы: Power Point 2013 туралы негізгі түсінік.

а) білімділік: PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

— PowerPoint-ң сыртқы көрінісі.

— Студенттің танымдық белсенділігін арттыру.

ә) дамытушылық: — студенттің ойын дамыту, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, информатикалық тіл байлығын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

— Студенттерді шығармашылыққа баулу, шығармашылық сауаттылығын және компьютерлік шеберлігін дамыту.

б) тәрбиелік: — Компьютермен жұмыс істеу мәдениеттілігін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

— Қоршаған әлемдегі ақпараттарды біліммен ұштастыру, өз бетінше білім алуға, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға әдеттендіру.

— студенттердің ойлау қабілеттерін кемелдендіру, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы

Сабақтың уақыты: 45 минут

Сабақты өткізу орны: Компьютер кабинеті

Пәнішілік байланыс: MS Office

Пәнаралық байланыс: Математика шет тілі, бейнелеу.

Сабақтың жабдықталуы: Компьютер, проектор

В.П. Гельман «Медицинкая информатика»

Оқушы білуі тиіс:

Power Poınt бағдарламасы туралы түсінік.

Power Poınt құжаттарының құрылымы.

Үлгітүр негізінде презентация жасау.

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 40 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 15 мин

Ү Қорытындылау – 5 мин

ҮІ Үйге тапсырма –5 мин

І Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Студенттерді түгендеу. Сабаққа дайындығы тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру. Компьютердің қауіпсіздік ережелерін сақталуын қадағалап, оқушыларды компьютерге отырғызу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Access бағдарламасының экран көрінісінде – тақырып жолы, мәзір қатары, саймандар панелі, жаңа қор не, сақталған қорды ашу, қалып күй қатары бар. Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы.

Мәліметтер қоры (МҚ) дегеніміз – ол бір-бірімен байланысқан әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Microsoft Access қолданбалы программалық жасақтамаға жатады. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасынның негізгі объектілері ол кесте. Форманы көрсету режимдері: конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі. Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

«Сабақтың логикалық-құрылымдық кестесі:

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 20 мин

PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

PowerPoint терезесінің құрылымы.

Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

М узыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.

PowerPoint бағдарламасы туралы негізгі түсінік.

Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.

Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.

Читать еще:  Уроки по созданию презентаций в powerpoint

PowerPoint терезесінің құрылымы. PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.

Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.

Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.

Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.

Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд

Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.

PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор. Мұнда «Жіберу» командасын алатын болсақ, автоматты түрде «Электрондық почтаға» немесе «Интернетке» автоматты түрде жіберуге болады. «Жариялау» командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.

Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:

Жаңа презентация (Новая прзентация)

Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)

Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)

Автомазмұн шебері көмегімен:

Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;

Қызмет бабы бойынша баяндамалар;

Сауда-саттық және маркетинг жөнінде есеп –қисаптар;

Жеке хабарламалар; т.б. тақырыптарда алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен өзіңе қажетті презентацияны таңдап құруға болады.

1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.

3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте аламыз.

Жаңа презентация құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі «Жаңа слайд» әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар. Мұнда әтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.

Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Слайд жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге болады.

Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы терезеден түстің қанықтылығын және өрнек немесе текстура ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді таңдап ОК батырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:

Қарапайым режим (әр слайдты жеке-жеке көрсетеді)

Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп орналасады)

Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін көрсетеді)

Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар. Сұрыптау режимі арқылы Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап кез-келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.

Слайдтарды безендіру. Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка) — « Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады. Мысалы, Word бағдарламасында суреттер сақталған құжатты ашып, қажетті суретті белгілеп, Көшіру немесе Қою командасын қолданып презентацияға әкеліп қоямыз. Осы жерден тышқанмен жан-жағынан тартып, өз қалауыңызша өлшемін өзгерте аласыз. Сурет салу құралдар үстелі арқылы слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын кіргізуге болады. WordArt нысанын кірістіргеннен кейін жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Пайда болған терезеде Түстер мен сызықтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

Анимация қосу. PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.

Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу үшін Слайдты көрсету- Анимация қосу (Показ слайда- Настройка анимации) командасын орындаймыз. Анимация қосу тақтасы экранның оң жағында тапсырмалар аймағы үстелінде ашылады. Слайд элементтерінің пайда болу ретін өзгерту үшін Анимацияны баптау (Настройка анимции) тақтасының астында орналасқан Анимация реті (Порядок) командасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ретін өзгерту үшін тышқан батырмасымен элементтер орнын ауыстыруға болады. Көру батырмасын басу арқылы эффектілерді қадағалай аламыз. Уақыт астарлы беті элементтің пайда болу уақыттын көрсетеді. Анимациялар реті өрісінде қажетті элементті таңдап алып, шерту арқылы немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.

Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу. PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звукЗвук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.

Слайдтарда дыбыстық сүйемелдеулерді жазу үшін, компьютерде дыбыстық карта мен микрофон орнатылуы қажет. Дыбысты жазу үшін Слайдты көрсету-Дыбыстық жазба (Показ слайдов- Звукозапись) командасын орындаймыз. Дискіде қанша орын бос орын барын және неше минут жазуға болатынын көрсететін сұхбат терезесі ашылады. ОК батырмасын шертеміз.

ІҮ. Білім алушылардың өзіндік жұмысы

Білімгерлер өз еркімен «Медицинаның адамға тигізетін пайдасы» атты презентация құру.

Бағалау «Кім көп смайлик жинады?» жиналған смайлик санына қарай бағаланады.

ІХ. Үйге тапсырма: Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 92-93 бет

Power Point презентация құралы

Сұйық кисталды панельдер мен мультимедиялық проекторлардың пайда болуы компьютерлік дайындыққа өтуге және презентация (иллюстративті материал) көрсетуге мүмкіндік етеді.

Power Point программалық жүйесі MS Office программалық пакетінің құрамына кіреді. Power Point типті публикация дайындаудың программалық құралы ұсынылатын ақпаратты бейне эффектілерді пайдаланып бір стильде өрнектеп қоймай, өз орындауыңды өңдеуге мүмкіндік жасайды.

Power Point презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға (кейін кодоскопта пайдалану үшін) немесе 35 миллиметрлік пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралыұсынылады. Слайд дегеніміз — тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық (фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп аталады.

Читать еще:  Лицензионный ключ для powerpoint 2020

Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация (қозғалысты), дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен катар, мультимедияның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Мультимедиа дегеніміз — компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.

Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлқтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа кұралдарды пайдалану керек.

Power Pointменюлері оффистің басқа қосымшаларындағы менюлерге ұқсас. Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Мастер автосодержания сұхбат терезесін іске қосқаннан кейін Файл-Создать-Презентации командасы көмегімен презентация түрін таңдау сұхбат терезесіне кіріп, презентация шаблондарының бірін таңдау керек.

Презентация шаблоны дегеніміз — белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдттар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.

Power Point -та презентация жасау негіздері.

Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек: 1) Power Point -ты іске қосу; Файл-Создать командасын таңдау; 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау; 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру; 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану; 5) жазбалар режіміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру; 6) кұрылым режіміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу; 7) слайдтарды сұрыптау режіміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту; 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Вид-Показ слайдов командасын орындау, 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау; 10) презентацияны сақтау.

Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау қажет:

1) Музыка немесе дыбыс қосылуы тиіс слайдты ашу;

2) Вставка-Фильмы и звук командасын беру;

3) Мына әрекетттердің бірін орындау: клиптер коллекциясынан дыбыс
кірістіру үшін Звук из коллекции тапсырмасын беріп, қажетті дыбысты
көрсету; файлдан дыбысты кірістіру үшін Звук из файла тапсырмасын беріп,
қажетті файлды табу;

4)Дыбысты қайта жаңғырту әдісін іске қосу.

Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін: 1. Анимацияның Показ слайдов-настройка командасын орындау; 2. Тізімде объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түр езгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б. таңдау; 3. Осы процедураны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша кайталау керек.

Слайд көрсетудің үш әдісі бар:

1) Слайдтарды толық экранда бейнелеу;

2) Слайдтарды кішігірім терезелерде бейнелеу;

3)Слайдтарды автоматты түрде толық экранда керсету. Ол көбінесе
көрнелік стендте, жиналыста пайдаланылады;

Power Point программасын жүктелгеннен кейін келесі режимдердің бірін пайдаланып жаңа презентация құруды ұсынады.

Нақты слайдтың сыртқы түрін өзгертуді Вид менюінің көмегімен Слайд режиміне өту арқылы өзгертуге болады. Текстік слайдқа графиканы орнату үшін оның разметкасын Формат менюінің көмегімен өзгертуге болады.

Құрылған презентацияны Показ слайдов менюіндегі Показ командасының көмегімен орындауға болады.

Бұл программалар құралдардың өкілдері Lotus Development паниясының программалық шикізаты болып табылады. Солардың кейбіреуінін қарастырайық.

Бүкіл жер шарында кең танымал Lotus Start Suite бір атаулы пакеті. Қазіргі уақытта (2000ж. басында) Осы пакеттің 9.5 версиясы таратылуда. Оның құрамында:

-ақпаратты басқару құралы, Lotus Start Center программасы басқа қосымшаларды жүктеуді жеңілдетеді және кеңседегі құжаттқа бағытталған жұмыстарды жеңілдетеді;

-MS Word қарағанда біршама дамыған Lotus Word Pro текстік процессоры, желімен жұмыс Internet және Interanet.

— Lotus компаниясында өңделінген Lotus 1-2-3 кестелік процессор Ехсеl-мен бірдей. Қосымша электрондық кестемен топтың жұмыс жасау, ақпарат алу үшін деректер қорына сұраныс болып табылады. Электрондық кестеге мәліметтерді жергілікті желіде деректер қорынан жүктеуге болады.

— Lotus Approach деректер қорын басқару жүйесі.

— Lotus Freelance Graphics графикалық презентация құру құралы;

— Lotus Onganiser «уақытты басқару» құралы жүктеуде ежедневник –организатор ортасына кіреміз.

Презентація на тему «Microsoft Office PowerPoint»

Microsoft Office PowerPoint

Microsoft PowerPoint (повна назва — Microsoft Office PowerPoint) — це застосунок для створення і проведення презентацій, що є частиною Microsoft Office, і доступний в редакціях для операційних систем Microsoft Windows і Mac OS.

Історія
Ідея PowerPoint з’явилася у Боба Гаскінса (Bob Gaskins), студента університету Берклі, який вирішив, що століття графічних інтерфейсів, що наступило, може провести революцію в дизайні і створенні презентаційних матеріалів. У 1984 році Гаскінс приєднався до провальної компанії Forethought і найняв розробника Денніса Остіна (Dennis Austin). Боб і Денніс об’єднали зусилля і створили програму Presenter. Денніс створив оригінальну версію програми з Томом Рудкіним (Tom Rudkin). Пізніше Боб вирішив змінити ім’я на PowerPoint, яке і стало назвою кінцевого продукту.

У 1987 році вийшов PowerPoint 1.0 для Apple Macintosh. Він працював в чорно-білих кольорах. Незабаром з’явилися кольорові Macintosh і нова версія PowerPoint не забарилася. Програмне керівництво з першою редакцією було унікальне. Це була книга синього кольору в твердій палітурці. Компанія Forethought вважала, що це краще ніж купа виконуваних файлів допомоги на комп’ютері і інструкцій в електронному вигляді. Але оновлення інструкції було необгрунтовано дороге. Ідея з подібними книгами була незабаром залишена.

Пізніше в 1987 році Forethought і її продукт були куплені Microsoft за $14 млн. У 1990 році вийшла версія для Windows. З 1990 року PowerPoint став стандартом в наборі програм Microsoft Office.
У 2002 році вийшла версія PowerPoint, яка не тільки була включена в пакет Microsoft Office XP, але також розповсюджувалася як окремий продукт.
Поточна версія PowerPoint 2007 додає основні зміни в інтерфейс програми і збільшує графічні можливості.

Вікно програми PowerPoint 2007

Microsoft PowerPoint 2010

Сумісність
Завдяки входженню в Microsoft Office, PowerPoint став найпоширенішою у всьому світі програмою для створення презентацій. Файли презентацій PowerPoint часто пересилаються користувачами програми на інші комп’ютери, що означає необхідну сумісність з ними програм конкурентів. Проте, оскільки PowerPoint має можливість підключення елементів інших застосунків через OLE, деякі презентації стають сильно прив’язаними до платформи Windows, що робить неможливим відкриття даних файлів, наприклад, у версії для Mac OS. Це привело до переходу на відкриті стандарти, такі як PDF і OASIS OpenDocument.

Комбінації клавіш
Робота з текстомНа один знак вправо Shift + Стрілка вправоНа один знак вліво Shift + Стрілка влівоВ кінець слова CTRL + Shift + Стрілка вправоНа початок слова CTRL + Shift + Стрілка влівоНа рядок вгору Shift + Стрілка вгоруНа рядок вниз Shift + Стрілка внизВибрати всі CTRL + A або F2Вибрати довільний текст Вибрати з затиснутою лівою кнопкою мишіВибрати слово Подвійний клік мишеюВибрати параграф Потрійний клік мишеюВибрати й перетягнути Виберіть і перетягнітьВибрати й перетягнути копію CTRL + Виберіть і перетягніть

Microsoft PowerPoint — одна з основних програм комплексу MS Office і одне з кращих в світі засобів створення вражаючих презентацій. У PowerPoint 2010 можна розробити документ будь-якої складності і додати в нього фотографії, таблиці, фігури, діаграми і текст. Просунуті інструменти форматування та маніпуляції об’єктами дозволяють швидко і якісно продукувати ефектні презентації і створювати власний яскравий стиль.

Читать еще:  Смайлики для powerpoint

Але що приваблює найбільше, ви можете перетворити документ, підготований у редакторі Word, на презентацію усього лише одним кліком миші. Якщо ваш полягає в тому, щоб рекламувати вироби, ідеї або проекти, то ви просто закохаєтеся в PowerPoint.

Виконала
студентка 11 ов кд групи
ОСГТ
Коточигова Єлизавета Володимирівна

PowerPoint және презентация. Терезелік интерфейс және Power Point-ты баптау

Сабақтың тақырыбы PowerPoint және презентация. Терезелік интерфейс және Power Point-ты баптау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға Power Point программасының қолданылу

мақсатын, оны іске қосу мен жұмысты бастауды үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-өзі

бағалауға, әділдікке, уақытты тиімді пайдалануға

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Мысал арқылы түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап, практикалық, тест.

Сабақтың көрнекілігі: электрондық оқулық,слайд-фильм, кітап, Компьютер, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру:

Оқушылармен амандасып, түгендеу.Сабаққа назарын аударту.

ІІ Үй тапсырмасы

«Сөзжұмбақ» шешу.

Сұрақтары

  1. Түпнұқалардағы түстердің барлық градациясын жеңіл шығара алатын сканер?
  2. Мәтіндік және графикалық информацияны оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы?
  3. Бұқаралық және салалық журналдарды, түрлі түсті каталогтарды өңдейтін сканер
  4. Берілген тізімнен бір немесе бірнеше вариантты таңдап алуға мүмкіндік беретін диалогты терезелердің стандартты элементі
  5. Геометриялық обьектілер жинағынан тұратын кескін не деп аталады?
  6. Бейнені автоматты түрде өңдейтін сканер
  7. Қағаз немесе басқа тасушыдан бейне алу және оны компьютер жадына енгізу процесі
  8. Сканердің көмегімен алынған графикалық редактор жасаған бейнелер не деп аталады?
  9. Белгілер мен сигналдар түрінде берілген зат немесе адам туралы мәлімет
  10. Экрандағы графикалық бейнелеудің ең кіші элементі (нүктесі)
  11. Компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология не деп аталады?

ІІІ Жаңа сабақ.

Microsoft Office пакетінің PowerPoint қолданбасы — әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды, суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшліктің зеійінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

PowerPoint программасы – электронды презентация (слайд-шоу) құруға арналған. Электрондық презентациялардан басқа проекторға арнап пленкалар шығаруға немесе оны қағаздық тасуышта да шығарып көрсетуге болады.

PowerPoint программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.

Презентация құру негізінен текст пен обьектілерді слайдта тиімді тәсілмен орналсатырудан тұрады.

PowerPoint-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:

  1. Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
  2. Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
  3. Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
  4. Презентацияларға обьектілер қосу.
  5. Презентациядағы ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
  6. Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
  7. Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
  8. Презентацияны демонстрациялау.

Ал PowerPoint программасын іске қосу үшін мынадай командалар орындалады:

Пуск-Программы- Microsoft PowerPoint

Осы команда орындалған соң экранға PowerPoint-тың диалог терезесі ашылады. Мұнда жаңа презентация құруды бастауға немесе бұрын сақталған презентацияны ашуға болады. PowerPoint-та презентация құруды алғаш үйренушілер жаттығу үшін Мастер автосодержания көмегімен презентация құруға болады.

PowerPoint терезесінің элементтері:

  1. Тақырып жолы
  2. Мәзір жолы
  3. Стандарт құралдар тақтасы
  4. Пішімдеу құралдар тақтасы
  5. Слайд құрылымы
  6. Көріу режимдері
  7. Тапсырмалар аймағы
  8. Жұмыс алаңы

Слайдтарды қарап шығудың PowerPoint-та мынадай 5 режимі бар. Әрбір режимнің өзінің ерекшеліктері бар.

Обычный режимі.

Бұл режимде слайд оң жақта, текстері сол жақта, ал ескертпелер төменде орналасады. Мұнда тексті сол жақ панельде де, слайдтың өзінде де редакторлеуге болады.

Структура режимі.

Бұл режимде слайдты безендіру күрделі де, ал текстпен жұмыс керісінше оңай жасалады. Ескертпелерді де енгізуге болады.

Слайдтар режимі.

Жеке слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа режимде тұрғанде слайдта маусты екі рет шертсе, слайдтар режиміне ауысуға болады.

Сортировщик слайдов режимі.

Экранда бірнеше слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жаңа слайд қосуға, слайдтардың орнын ауыстыруға, т.б. әрекеттер жасауға болады. Ескерте кететін нәрсе, текст өңделмейді, обьект қойылмайды.

Показ слайдов режимі.

Слайдтарды толық экрандық күйде көру үшін қолданылады. Қарауды тоқтату үшін Esc пернесін басады.

PowerPoint-та слайдқа қойылған әрбір элемент: текст, кесте, сурет, диаграмма, дыбыс немесе видео обьект болып табылады.

Обьект қою.

Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.

Картинка қою.

Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар слайдтың безендірілуінде екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word-тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint-та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.

Дыбыс пен видео.

PowerPoint-та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар мен клиптерді Вставка командасынан табуға болады.Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады. Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.

Диаграмма қою.

Диаграмманы Excel-де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint-қа слайдқа енгзуге болады. Диаграманы PowerPoint-та құру үшін, Вставка-Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel-дегідей жүреді.

Word-тан кесте қою.

Егер кесте Word-та құрылған болса, оны PowerPoint-қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы алып, слайдқа орналастыруға болады. Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка-Рисунок-Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint-тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word-тағыдай жұмыс жасауға болады.

ІV Бекіту

  1. Өздік жұмыс:
  1. Төрт слайд құру.
  2. Әр слайдқа әр түрлі фон қою:
    1-ші слайдқа Градиент
    2-ші слайдқа Текстура
    3-ші слайдқа Узор
    4-ші слайдқа Рисунок
  3. Әр слайдқа әр түрлі объектілер қою:
    1-ші слайдқа Музыка қою және тақырып таңдап жазу

2-ші слайдқа WordArt арқылы мәтін және сурет қою
3-ші слайдқа Кесте қойып 4 баған және 3 жол оны толтыру,

1-ші бағанда Оқушының Аты-жөні,

2-ші бағанда Туған жылы,

3-ші бағанда сыныбы
4-ші слайдқа схема сызу фигуралар арқылы

  1. Тест тапсырмасы

1) PowerPoint программасы не үшін керек?

  1. Сурет салу үшін 2. Кино көру үшін 3. Көрме көрсету үшін 4. Текст жазу үшін

2) Слайд дегеніміз не?

  1. Фото 2. Пленка 3. Негатив 4. Кадр

3) Слайдтарды қараудың неше тәсілі бар?

  1. 2 әдісі 2. 4 әдісі 3. 5 әдісі 4. 3 әдіс

4) Слайдтың фонын қою?

  1. Вставка – фон 2. Настройка – фон 3. Формат – фон 4. Сервис – фон

5) Фонда құю тәсілінің неше түрі бар?

  1. 2 түрі 2. 6 түрі 3. 4 түрі 4. 5 түрі

6) PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:

7) Слайдты жасыру үшін қай мәзірді қолданады:

  1. Правка 2. Показ слайдов 3. Вставка 4. Сервис

Жауап кілті.

  1. С 2. D 3. D 4. C 5.C 6. B 7. B
  1. Сәйкестендіру тесті
  2. Сәйкестіру әдісімен Мәзірлердің Әмірлерін байланыстыру:

Файл – Баспаға жіберу

Өңдеу – Слайдты өшіру

Слайд көрсету – Слайдты жасыру

VҮйге тапсырма:

1.6-тақырып. Power Point және презентация.

1 мамыр. Ынтымақтастық күніне арнап презентация құрып келу.

Ссылка на основную публикацию
Adblock
detector